KZ
Өскемен
+3°
плотный туман жел 2 м/с, ОШ
521.53 601.01 6.43

Өскеменде Тәуелсіздік күні қарсаңында өтетін іс-шаралар:

9.12.2019, 07:58 217

Өскеменде Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

13 желтоқсан күні сағат 11.00-де Самал саябағында «Шаңғы алаңы шақырады-2019» қала чемпионаты өтеді.

14 желтоқсан күні сағат 12.00-ден бастап Самал саябағында, Комсомол аралында және Этнопаркте мұз айдыны ашылады.

15 желтоқсанда «ADK River» сауда орталығы ашылады. Сауда орталығы таңғы сағат 11.00-ден бастап жұмысын бастайды.

16 желтоқсан күні 19.00-де кешке Республика алаңында Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарлама қойылады.

17 желтоқсан күні сағат 18.00-де шырша жанады және соған орай театрландырылған музыкалық қойылым ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу