KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Келесі жылы Өскеменде Kia Seltos құрастырыла бастайды

9.12.2019, 05:53 133

Ресей стандартының базасында Kia Seltos аватокөлігіне рұқсат берілді. Бұл дегенің  аталмыш кроссовер жуықта  Қазақстан нарығына да енеді деген сөз.

Құжаттарында көрсетілгендей, аталмыш кроссовер  үш түрлі мотормен ұсынылады:  1,6 және 2 литрлық, сонымен  бірге  1,6 литрлық турбонаддув.

Мамандар айтқан техникалық  мінездемеге сенсек, Kia Seltos көлігінің моторы Hyundai Creta-нікіндей: алды  тартатын версиясында 123 аттың күші,  4WD нұсқасына  121 аттың күші бар қозғалтқыш қойылған. Бұған  қоса 1,6 литрлік турбонаддув 177 аттың күшімен ерекшеленеді.

 Беріліс қораптары да әр түрлі:  көлемі 1,6 литрлік қозғалтқышқа 6 сатылы автомат, ал 2,0 көлемді турбомоторға  7  сатылы робот және механика қойылған.

Сондай-ақ, электркүшейткіші бар  руль,  дөңгелектердің қысымын бақылайтын жүйе, климат-контроль, SOS түймешігі бар.

"Ресейдің Калининград қаласында құрастырылған  Kia Seltos 2020 жылы  сатылымға шығарылады деп күтілуде. Сол кезде Қазақстан нарығына да енеді. Алдағы жылдан бастап жаңа кроссовер  Өскемендегі «Азия Авто» зауытында да құрастырыла бастайды",-деп жазады Колеса кз сайты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу