KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 2 м/с, В
497.26 525.21 4.97

Ана мен бала орталығында жаңа туған сәбидің бұғанасын сындырып алған

2.12.2019, 14:39 100

Өскемендегі Ана мен бала орталығында дәрігерлер жаңа туған нәрестенің бұғанасын сындырып алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айлин есімді нәресте 16 қазанда дүниеге келген. Толғағы ауыр болғандықтан анасы дәрігерлерге кесар отасы арқылы босандыруды сұраған.

Босанғаннан кейін сәбиін киндіріп жатып, оң жақ қолына бірдеңе болғанын байқап, неонатологты шақыртады. Дәрігер баланы қарағаннан кейін, бұғанасы сынғанын анықтаған екен. Рентген нәтижесі де баланың қос бұғанасы сынғанын көрсетеді.  

Қазір баланың жағдайы жақсарған. Оған барлық қажетті ем-шара көрсетіліпті. Орталықтың мамандары балаға ауыр зақым келмегенін айтады. Сүйектері нәзік болғандықтан, босандыру кезінде бұғанасы аздап жылжып кеткен екен. Алайда анасы травманың салдарына алаңдаулы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу