KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Елбасының АҚШ президентіне жеткізген «ыңғайсыз» сәлемі

29.11.2019, 05:59 200

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ресми парақшасында 2006 жылы АҚШ-қа барған ресми сапары жайлы айтқан видеосы жарияланған. Онда Елбасы АҚШ президентімен кездесуі алдында кіші Джордж Буштың әкесі, яғни 41-ші АҚШ басшысы – үлкен Джордж Буш өзін үйіне қонаққа шақырғаны жайлы айтады.

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа іссапары барысында Американың президенті Джордж Уокер Бушқа кірмей тұрып, оның әкесі Американың 41-ші президенті Джордж Герберт Уокер Бушқа бас сұғады. Нұрсұлтан Назарбаев ардагер саясаткердің үйінде бір түн қонақ болып, ертесінде оянса Джордж Герберт теңіз жағасында отыр екен.

– Ол маған «Сен қазір Вашингтонға барасың. Онда ресми сапарың, жұмысың басталады. Мүмкін маған қояр сауалың болар?» деп сұрады. Мен ешқандай сауалдың жоқтығын, тек ескі досыма қонаққа келгенімді айттым. Джордж Герберт «Елдің көбі мен оның әкесі болғанымдықтан, қолыма таяқ алып, оны Ақ үйді айнала қуып жүреді деп ойлайтын шығар. Ал мен қазір тек Американың қарапайым азаматымын. Десе де, бір шаруаңа көмектесе аламын. Сен Ақ үйге кірген кезде оған 41-ші президент алдағы сенбіде 43-ші президенттің сазайын тарттыратынын айт» деді, – деп еске алады Нұрсұлтан Әбішұлы сол жолғы сапарды.

Нұрсұлтан Назарбаев «ыңғайсыздау болады ғой» дегеніне қарамастан, Джордж Буштың әкесі «сөзімді қаз-қалпында жеткіз. Содан кейін араларыңда жайлы ахуал қалыптасады» дегенінен таймапты. Ақыры, бәрі де үлкен Джордж Буштың айтқанындай болады. Нұрсұлтан Әбішұлының аузынан әкесінің сөзбе-сөз сәлемін тыңдаған АҚШ президенті Джордж Буш қарқылдап күліп жіберген екен.
Видеода Назарбаевтың ыңғайсыз сәлемдемені аудармашылар арқылы 42-ші АҚШ президентіне жеткізіп жатқан сәті көрсетілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив