KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Өскеменде киім-кешек пен аяқ-киімді тегін беретін дүкен ашылды

29.11.2019, 05:31 248

Өскеменде тағы тегін дүкен ашылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталмыш дүкен волонтерлардың бастамасымен Беспалова көшесінде ашылған екен.

Дүкен ашуға "Мирный " базарының әкімшілігі ғимарат беріп отыр. Волонтерлар қала тұрғындарынан киім-кешек, аяқ-киім, тұрмыстық заттарды қабылдап, оны көпбалалы отбасыларға тегін береді. Бірақ ол үшін өзімен бірге балалардың туу туралы куәліктерін алып келу қажет.

Қалада алғашқы тегін дүкен 2008 жылы ашылған болатын. Ол орталық базардың аумағында орналасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу