«Біздің №1». Семейде форум өтті
Семейде Жастар жылы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Біздің №1» атты облыстық Жастар форумы өтті.
Осы форум аясында өңірдің белсенді жастары облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіповамен биресми кездесіп, өзара пікір алмасты. Кездесуге халықаралық және республикалық «WorldSkills» чемпионатының жеңімпаздары, шығармашылықпен айналысатын дарынды жастар, үкіметтік емес жастар ұйымының өкілдері, жастар мәслихатының депутаттары, кәспорындар мен ауыл шаруашылығында жұмыс істеуші қала және ауыл жастары, облыстық ІТ фестивальдің үздіктері, жастар ресурстық орталығы мен SMM бөлімдерінің мамандары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіповамен кездесуді ШҚО ішкі саясат басқармасының Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Еркебұлан Балтабеков жүргізіп отырды. Оның айтуынша, қазір облыста 14-29 аралығында 260 мың жас бар. Олармен 20 шақты Жастар Ресурстық Орталығы жұмыс істейді. Сол сияқты еріктілер мен қоғамдық ұйымдар, жастар ісі комитеттерінен құралған 32 ұйым да жастар саясатын жүзеге асыруда.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ТиПО жүйесін дамыту бағдарламасын қолға алуды тапсырған еді. Бұл бағдарлама бойынша колледждердің материальды-техникалық жағдайы жақсарып, зертханалар мен шеберханалар «WorldSkills» халықаралық стандартына сай жабдықталған.
-Біздің еліміз 2014 жылдан бері қарай халықаралық «WorldSkills» халықаралық қозғалысының белсенді қатысушысы болып келе жатыр,-деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова,-бұл жастардың техникалық-кәсіби мамандықтарын жетілдіруге ықпал етеді. 2016 жылдан бері қарай «WorldSkills Shygys» деп аталатын жобаны дамытып келеміз. Соңғы екі жыл ішінде облыс командасы Қазақстан бойынша ұлттық чемпионатта жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып келеді. Біздің түлектер Хабатай Айбек, Алексей Климов, Вильгельм Лиманский, Александр Сагель, Аяулым Зарлықанова, Махан Рахыт, Александр Кондратьев Қазақстанды Халықаралық чемпионаттарды әлемге таныта білді. Ал биыл Ресей Федерациясының Татарстан елінің Қазан қаласында өткен «WorldSkills Kazan 2019» чемпионатында Электротехникалық колледж студенті Александр Бетцольд пен Исажан Раисов 45-інші әлемдік чемпионат нәтижесі бойынша кәсіби шеберліктеріне орай «Өз елінің үздік өкілі» марапататына ие болды. Ал Әли Әскерханов 3-інші орынға шықты. Бұл дегеніміз Шығыс Қазақстанда жастар саясаты жүзеге өте жақсы асып жатыр деген сөз.