Жарма ауданында спорт кешені салынып жатыр
Жарма ауданының құрамына кіретін Шар қаласында спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин іссапар барысында құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.
Бұл туралы өңір басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлімдеді.
- Жұмыс сапармен Шар қаласында болып, бүгінде қарқын алған спорт кешені құрылысымен таныстым. Мердігер «Құрылыс» ЖШС ғимараттың негізгі ірге тасын толықтай қалау жұмыстарын аяқтаған. Алдағы уақытта ғимараттың қабырғасын қалау жұмыстарын қолға алуды жоспарлап отыр. Мердігермен жұмыс жобасын пысықтай отырып, нысанның жер төле бөлігінде игілікке жарату, яғни, жаттығу залын ашу жобасын зерделедік, - дейді әкім.
Аталмыш нысан алдағы жылдың тамыз айында қолданысқа беріледі деп жоспарланған.