Ұлан ауданында кәсіпкерлер Демеушілер клубын құрды
Ұлан ауданында облыстағы ірі кәсіпкерлер Демеушілер клубын құрды, деп хабарлайды Altaynwes тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
" Айтас-МП " кәсіпорнында Ұлан ауданының билік өкілдері мен кәсіпкерлер арасында кездесу ұйымдастырылды. Оған ірі бизнесмендер - "Айтас-МП" директоры Серік Толықпаев, "Восток Молоко" ЖШС Бас директоры Сейілжан Сайлаубаев, КМ компаниялар тобының бас директоры Қайрат Мусин, ресторатор, "Шығыс-Батыс" мейрамханасының иесі Мұхтар Тойбазаров қатысты.
Кездесу барысында Ұлан ауданының алдағы даму және абаттандыру бойынша жоспары талқыланды.
"Айтас-МП" келесі жылы Қасым Қайсенов кентін абаттандыруға және саябақ салуға қаржы бөлмек.
Сондай-ақ, ауданда Демеушілер клубын құру туралы шешім қабылданды. Аталмыш клуб әр түрлі мәселелерді шешу үшін үш айда бір рет жиналып отырады.