KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Ұлан ауданының орталығында абаттандыру жұмыстары жалғасуда

15.08.2020, 09:20 59

Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде абаттандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желідегі парақшасында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы ақпарат берді.

Кенттің барлық көшелеріне шамдар орнатылады. Бүгінде жарықтандыру бойынша жұмыстар жоспарға сай күзге дейін толық аяқталмақ.

Сондай-ақ, кент ішіндегі жолдарға асфальт төселуде.

- Бұл іс аудан билігінің жіті назарында. Айта кету керек, төсенді сапасы бірден зертханада тексеруден өткізіледі, - дейді аудан басшысы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив