Ұлан ауданында балық еті мен уылдырығының өндірісі басталады
Ұлан ауданында алдағы уақытта балық еті мен уылдырығының өндірісі басталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ауданда 8 ірі және орта қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. «Багратион Ұлан» ЖШС сүт өнімдерінің 33 түрін шығарады. «Айтас МП» ЖШС құс етін қайта өңдеу жұмысын қарқынды жүргізуде. Өткен жылы 11 пайыздық өсіммен 9,0 тонна ет өнімдері қайта өңделді. Ал ағымдағы жылдың 10 айында кәсіпорын 8,1 мың тонна ет өнімдерін өндірді.
Сондай-ақ, «ECO Product» ЖШС, «Бекон» ЖШС, «Алтай» ЖШС өнім көлемін арттырып отыр.
2020 жылдан бастап будандасқан бестер балығын өсірумен айналысатын «Ost fish» ЖШС балық еті мен уылдырығының өндірісін қолға алады.