«Теңге алудың» виртуалды үлгісін әзірлеп шығарған оқушы облыс әкімінің грантын жеңіп алды
«Теңге алудың» виртуалды үлгісін әзірлеп шығарған семейлік оқушы облыс әкімінің грантын жеңіп алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын ұлттық ойынның компьютерлік нұсқасын дайындаған Әлішер Мәулетов туралы жазған болатынбыз. Әлішер қазан айында «Цифрлық Шығыс-2019» форумы аясында өзінің старт-ап жобасын таныстырған болатын. Қазылар алқасының оң бағасын алған Әлішер өз жобасын іске асыру үшін аймақ басшысы Даниал Ахметовтың грантын жеңіп алды.
«Теңге алудың» үш тілді нұсқасын дайындап шығарған ол, болашақта ұлттық салт-дәстүріміз бен ойындарымызды әлем халықтарына таныстырамын деп отыр.