Өскеменде тағы бір кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды
Өскеменде ауаны ластаған тағы бір кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шығыс Қазақстан облыстық экология департаментінің мамандары экологиялық заңнаманың талаптарын бұза отырып, жұмыс істеген «Еңбек-Өскемен» мекемесінің жұмысын тоқтату туралы шешім шығарды.
Экологтардың айутынша, кәсіпорын нормативтен тыс қалдықтарды шығарып, қоршаған ортаға залал келтірген. Сондай-ақ аталмыш мекемеге қатысты 331 және 332-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғаны анықталып отыр.
Еске салайық, қыркүйек айынан бері экологтар ауаны ластап, қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарына тексеру жүргізіп келеді. Мамандар бұл ретте тұрғындардың арыз-шағымдарын ескеретінін айта кетейік.