KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Көшелерге Рудный, Гранитный, Теректі атауларын беру ұсынылды – ШҚО

19.11.2019, 08:38 723

Былтыр Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі Наталья Мироненко 45 көшенің идеологиялық тұрғыда ескірген атаулары өзгертілетінін хабарлаған болатын. Қазір бұл жұмыс басталып кетті: әзірге төрт көшенің атауы ауыстырылады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Красноармейская көшесін – Рудный, Коминтерна көшесін – Теректі, Первая Стахановская көшесін – Брлік, Вторая Стахановская көшесін – Гранитный деп атау туралы ұсыныс түскен. Бұл ұсыныстардың біреуін – Бірлік атауын ғана облыс депутаттары мақұлдады.

Бөлім жетекшісі Наталья Мироненконың айтысынша, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан бес адамға көше атын беру жайында да ұсыныстар түсіп жатқан көрінеді. Олар: Сумин, Ефремов, Гуляев, Южаков, Тютюньков.

Сондай-ақ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына байланысты Островский көшесін Абай есімімен атау да ұсынылған.

– Бұл – әзірге түскен ұсыныстар ғана. Бұл ұсыныстар қоғамдық тыңдаудан өтіп, депутаттардың қарауына барады, – деді бөлім жетекшісі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу