Ұлан аудында 7 көшенің атауы өзгереді
Ұлан ауданының Асубұлақ кентінің 6 көшесін, Айыртау ауылының 1 көшесін өайта атау бойынша ұсыныс облыстық ономастиика комиссиясы тарапынан қолдау тапты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ендігі кезекте аталған көшелерді әділет басқармасына тіркету бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, 30 желтоқсанында Ұлан ауданының Алмасай ауылында, округ әкімі Т. Оспановтың ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай Алмасай ауылындағы «Наурыз» көшесіне Еңбек ардагері Қамза Бәйтіковтің атын беру туралы және атауы жоқ № 1 көшесіне Еңбек ардагері, жерлесіміз, марқұм Қабдраш Қабдуалиевтың атын беру туралы түскен ұсыныстар бойынша жиналыс өтті.
Жиналысқа көше тұрғындары, ауылдық округ мамандары және Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ономастика мәселелесіне жауапты маманы қатысты. Жиналыс барысында сөз алған жиналыс төрағасы Т. Оспанов ардагердің ерліктерімен және еңбек жолдарымен таныстырды.
Аталған ұсыныс көше тұрғындары тарапынан 100% қолдау тауып отыр. Енді облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолданады.