KZ
Өскемен
-17°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

Ермак Сәлімов: Семей – үлкен ауыл

19.11.2019, 03:43 88

«Семей – үлкен ауыл». Бұл пікірді қоғамдық кеңестің отырысында қала әкімі Ермак Сәлімов айтты, деп хабарлайды semey.city сайты.

– Әлеуметтік желі қолданушылары Семейден гөрі ауылдарда жарықтандыру жақсы екенін жазып жатады. Семей – статусы бойынша, қала, ал шынына келсек, үлкен бір ауыл іспетті, – деді Ермак Сәлімов.

Қоғамдық кеңесте қаланың архитектуралық келбеті талқыланды. Құрылыстардың бей-берекет, ретсіз жүргізілетіні, қалаға сай норманың жиі бұзылатыны сөз болды. «Семей қала келбетін жойып алды» делінді.

Қала әкімі бұған тұрғындардың да кінәлі екенін айтты.

– Біз «Рухани жаңғыру» туралы жиі айтамыз. Ол Президент пен әкімдерге ғана емес, қаланың әрбір тұрғынына қатысты. Бұл іске қала тұрғындары бізбен бірге ат салыспай отыр. Қит етсе, әкімдік пен әкім кінәлі болып шығады, – деп шағынды Ермак Сәлімов.

Бұл пікірді қоғамдық кеңестің төриесі Зульфия Жамалтдинова да құптады.

– Қалада жаңа, заманауи аялдамалар болса дедік. Оларды орната бастап едік, не көрдік? Шимайлап, бүлдіріп кеткен. Әлбетте, мемлекет мойынындағы міндеттерді алып тастағымыз келмейді. Десе де, Семейдің ауыл секілді болуының бір себебі тұрғындарға да байланысты. Үйлерінің ауласындағы екі метрге дейін сорайған қурай, қамысты қырқып тастамайды. Бізге тұрғындармен сөйлесу керек. Қала тұрғындарында азаматтық позиция болуы керек қой, – деді Зульфия Жамалтдинова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу