KZ
Өскемен
-30°
туман жел 1 м/с, СБ
510.95 594.49 6.5

Семей қаласы басқа облыстардың бюджетінен абаттандырылады

11.02.2020, 04:09 194

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай республикадағы барлық облыс Семей қаласын абаттандыруға ақша аударады. Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімов есеп беру жиынында айтты.

– Еліміздегі барлық облыстың басшылығымен тілдестік. Қазіргі уақытта қажетті жобалық-сметалық құжатты әзірлеп жатырмыз. Облыстардан түскен қаражатты негізінен үй аулаларын абаттандыруға жұмсаймыз, – деді Ермак Сәлімов.

Оның айтуынша, Әуезов даңғылы Алматы облысының қаражатымен абаттандырылады. Сондай-ақ көп күттірген орталық паркті жөндеу жұмыстары да биыл аяқталады.

- Дегенмен де, биылғы жоспарымыздың басым бөлігін іске асыруға өз облысымыздан қаражат бөлінетіні анық, - деді қала әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу