Семейде «Үмітіңді үзбе» қайырымдылық кеші өтті

Семейде «Үмітіңді үзбе» атты қайырымдылық кеші өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш шараны М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студентері ұйымдастырған. Кештің басты қонағы Айзере Қайратқызы болды. Кішкентай бүлдіршіннің диагнозы – целебральды сал ауруы (ДЦП). Анасы баланың отандық дәрігерлерден квота арқылы ем қабылдап жүргенін айтты. Алдағы уақытта Ресейдегі Челябинск қаласындағы «Сакура» клиникасына барып ем алсақ деген армандары бар. Ем қабылдау кемінде 2 миллион теңге. Айта кетейік, қайырымдылық концертінен түскен қаражат Айзеренің ата-анасына табысталды.
Оқи отырыңыз