Бүгін актриса Раиса Мұхамедиярова өмірден озды

Бүгін, 5 қазанда жерлесіміз, театр және кино актрисасы Раиса Мұхамедиряова өмірден озды. Бұл туралы Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрының баспасөз хатшысы Ернат Ысқақ мәлімдеді.
Раиса Мұхамедиряова – 1939 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында дүниеге келген. Ол кеңес және қазақстандық кино әрі театр актрисасы, Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі, "Құрмет" орденінің иегері.
Раиса Мұхамедиярова 1963 жылы режиссер Сұлтан Қожықовтың қазақ киносының алтын қорынан орын алған "Менің атым - Қожа" фильмінде ұстаз Майқанованың рөлімен халыққа кеңінен танылды. Кино әлемінде 30-ға жуық фильмге түскен.