Семейде судың тарифі өзгереді
Семейде судың тарифі өзгереді, деп деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл туралы «Семей Водоканал» мәлім етті.
Оның айтуынша, суық су тарифі бес жыл бойы бірқалыпты болған. Осыған байланысты, жыл соңына қарай кәсіпорын тарифті көтеруге өтінім береді. Әзірше, тарифтің қаншалықты өзгеретіні белгісіз. Монополияға қарсы комитеттің мақұлдауына байланысты шешім шығады. Бірақ қалалық «Семей су арнасы» МКК директоры Еркін Сағындықов, тарифтің аса қымбаттамайтынын айтты. Тарифтің өзгеруі тек заңды тұлғалар үшін байқалуы мүмкін деп отыр.