ШҚО-да тағы бес мектеп салынады
ШҚО-да «2022 жылға дейін бес мектеп салу жоспарда бар». Облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысы өтті, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
– 2022 жылға дейін бес мектеп салу жоспарда бар. Демографиялық өсімге байланысты осындай жұмыс атқарылмақ. Семейде – үш, Риддерде – бір, Қарауылда бір мектеп салынады, – деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Даниал Ахмегов.
Айта кетейік, осы оқу жылында Өскеменде мың орындық бір мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ тағы бір мектептің құрылыс жұмысы жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз