KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Ауыл мектебінде тағлымы мол тәрбие сағаты өтті

28.10.2019, 06:04 242

 Ұлан ауданы, Баяш Өтепов ауылындағы Амангелді атындағы негізгі мектепте ата-аналардың қатысуымен «Отбасы тәрбие басы, мектеп тәрбие жаршысы» атты тағылымды басқосу өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр ала алмаса,ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берген болатын. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен,тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Осыған орай, тәрбие сағатының мақсаты да сол - жанұядағы ата-ана орнының ерекше екенін түсіндіру. Мектеп, ұстаз және ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық сияқты құндылықтарды әспеттей түсу.

Тәрбие сағаты барысында ата аналарға жағдаяттық сауалдар қойылып, олар өз  пікірлерін ортаға салды. Жиынға қатысушылардың жауаптары да ашық әрі шынайы шықты.

-Мұндай басқосулар оқушыларымыздың отбасы құндылықтарын бойларына сіңіріп,тәрбиелі де ,парасатты болып өсуіне ықпал етеді, дейді аталмыш мектептегі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мөлдір Мұқаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу