KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Қазақстанның білім сапасы халықаралық рейтингіде қай орында?

21.10.2019, 05:10 205

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі білім сапасының халықаралық рейтингілерде қандай орын алатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аймағамбетовтің айтуынша, Қазақстан 2017 жылдан бастап білім беру және инновациялық саясат жөніндегі ЭЫДҰ комитеттерінің мүшесі. IMD жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде «білім беру» субфакторы бойынша әлемнің 64 елінің арасында Қазақстан 26-шы орында келеді.

2019 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде «Дағдылар» факторы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 57-орынға ие болды. Сондай-ақ, 2019 жылы «WorldSkills International» халықаралық байқауында біздің елдің құрамасы 14 орынды иеленді.

– Сондай-ақ PIRLS бойынша 27-орында болсақ, TIMSS бойынша үздік ондыққа кіре алдық, – дейді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, PIRLS бастауыш сынып оқушыларының сабақта алған материалды пайдалану қабілетін көрсетсе, TIMSS жаратылыстану-математика бағытындағы білім сапасын өлшейді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу