KZ
Өскемен
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
495.1 583.72 6.46

Өскеменде өрт кезінде адам қаза тапты

17.10.2019, 04:01 775

Өскеменде өрт кезінде адам қаза тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы Өскемен Төтенше жағдайлар қызметі мәлім етті.

Өрт бүгін таңертең сағат 06:26 шамасында Байдұқов көшесінің бойындағы иесіз жатқан  үйде шыққан. Үйде терезе және есік блоктарының ағаш конструкциялары, сондай-ақ жалпы ауданы 20 шаршы метр қоқыс жанған. Құтқарушылардың айтуынша жертөледен жанып кеткен мәйіт табылған. Әзірше оның кім екені анықталып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу