Семейде өрт кезінде адам қаза тапты
Семейде өрт кезінде адам қаза тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар қызметі мәлім етті.
Өрт 16-шы қазан күні сағат 02:25 шамасында Сеитов көшесіндегі жер үйлердің бірінде шыққан. Жалынның жалпы ауданы 80 шаршы метр. Өртті сөндіру үшін 25 адам мен 6 техника жұмылдырылған. Үш адамның жаны аман қалғанымен, үйдің отанасы қаза тауыпты. Өрт 04:54 кезінде ауыздықталған.
Айтпақшы жыл басынан бері Семейде 441 өрт оқиғасы тіркелген.
Оқи отырыңыз