Мамандар сүт безі обырына әкеліп соғатын алты себепті атап көрсетті
Мамандар әйел бойындағы сүт безі обырына әкеліп соғатын алты себепті атап көрсетті деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Аты жаман аурудың тууына себеп болатын негізгі факторлардың ішіндегі ең жиі кездесетіндері гормональды препараттарды қолдану, темекі тарту, шектен тыс алкоголь, зиянды күн сәулесі, солярий қабылдау және тұқымқуалаушылық екен.
«Генетикалық факторды негізгі себептердің бірі деп айтуға болады, ең бастысы жиі тексеріліп тұру керек»,-дейді ресейлік маман Юрий Шалягин.
Мамандар обыр дертін оның алғашқы пайда болу кезеңінде емдеп алу өте оңай екенін айта отырып, 30 жастан асқан әйелдердің барлығына маммологтың қабылдауына жиі барып тұру жөнінде кеңес береді.
Дәрігерлердің пікірінше, маммографиялық тексеруден 40 жастан асқан әйелдер екі жылда бір рет, ал, 50-ден асқандар жыл сайын өтіп тұрғаны дұрыс.