ШҚО-да халықтың маялап жинаған шөбі өртеніп жатыр
Көкпекті, Жарма, Күршім аудандарында тұрғындардың маялап жинаған шөбі отқа оранып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жарма ауданында 54 тонна шөп өртенген.
– Сөндіруге төтнше жағдай қызметкерлері мен ауыл тұрғындары кірісті. Өрт жуық маңдағы нысандарға жеткен жоқ. Ешкім зардап шекпеді, – делінген облыстық төтенше жағдайлар бассқармасының ақпаратында.
Сондай-ақ Көкпекті ауданындағы Қараөткел ауылында да өрт шықты.
– Жеке меншік үйде 258 тонна маяланған шөп өртенді. Сөндіруге 5 сағат уақыт кетті, – дейді аталмыш басқарманың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ мұндай оқиға Күршім ауданында да болған. Барлық жайғдайда өрт қауіпсіздігін дұрыс сақтамау себеп болып отыр.