Головкин МакГрегормен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді
Геннадий Головкин Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«GGG» Украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жек алдында Dan Patrick Show-ға барып, ирландиялық UFC жұлдызымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Айтып өткеніміздей, тек шаршы алаңда. Головкин Конар рингке кисе, өзі үшін оңай олжа болатынын айтты.
– Әрине! Кез-келген кәсіби боксшы келісе кетер еді. Бұл қомақты қаржыны қиындықсыз қолға түсіру деген сөз. Бірақ UFC – өз алдына бөлек әңгіме. Егер мен UFC ережесі бойынша жекпе-жекке шықсам, Конорға таптырмас тосынсый болар еді. Ал егер МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасса, мен үшін оңай олжа болар еді, – дейді Головкин.
Айта кетейік, МакГрегор 2016 жылы мамырда кәсіби бокста күш сынасқысы келетінін мәлімдеген. Бұл мәлімдемеден кейін ол америкалық боксшы Флойд Мейвезермен 2017 жылдың тамыз айында жұдырықтасан. Нәтижесінде Мейвезер жеңіске жетті.