KZ
Өскемен
-11°
туман Штиль
503.17 600.89 6.63

Семейде жүргізуші әйел тәртіп сақшысының қолын тістеп алды

3.10.2019, 11:13 150

Семейде жүргізуші әйел тәртіп сақшысының қолын тістеп алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі inform.kz сайтына сілтеме беріп.

– Билік өкіліне зорлық істелді. 51 жастағы әйел рұқсат етілмеген жерге көлігін тоқтатқан. Тексеруге келген тәртіп сақшысын көлігімен қаққан. Тәртіп сақшысы көлікті өшіруге ұмтылғанда қолынан тістеп алған, – делінеген облыстық полиция департаментінің ақпаратында.

Іске қатысты сот-медициналық сараптама жасалады. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 1-тарау 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу