KZ
Өскемен
туман жел 2 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

2019 жылы ШҚО-да 150-ден астам зорлық-зомбылық фактісі тіркелді

14.01.2020, 12:31 176

2019 жылы ШҚО-да 150-ден астам зорлық-зомбылық фактісі тіркелді. Оның ішінде 12 жәбірленуші кәмелеттік жасқа толмаған, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Елдос Закимовтың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Ресми деректерге сүйенсек, қылмыс көбіне пәтерлерде, үй мен жатақханаларда жасалады. Қылмыстың 77 пайызында балаға жақын адамдары зорлық-зомбылық көрсетеді. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зорлық-зомбылыққа қатысты жазалау шараларын қатаңдатуды тапсырған болатын. Жаңа өзгеріске сәйкес, Қылмыстық Кодекстің 120-бабы «Зорлау» және 121-баптың «Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптарына өзгерістер енгізілді.
Егер бұрын зорлық жасаған адам үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, қылмыс ауырлығы орташа санатқа жатқызылса, енді зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағандар бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Жаңа заң бойынша жәбірленуші тараппен ымыраға келуге қатаң тыйым салынады. Егерде кімде кім қызмет бабын пайдалана отырып зорлық-зомбылық көрсетсе 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Екі немесе одан да көп кәмелет жасына толмағандарды зорлау немесе жәбірленушінің өліміне әкеп соғатын зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағандар 17 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

- ҚР Конституциясының 1-бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі және бостандығы делінген. Осыған байланысты ең қауіпті қылмыс түрі зорлық-зомбылыққа қатысты заңға біраз өзгертулер енгізілді. Заңға енген өзгерістер еліміздегі зорлық-зомбылық фактісінің азаюына септігін тигізеді деген сенімдеміз, - дейді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Елдос Закимов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу