KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Өскеменде трамвайдың терезесі сынып, жолаушы жарақат алды

26.09.2019, 06:01 114

Өскеменде трамвайдың терезесі сынып, жолаушыны жарақаттады,  деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгін таңертең Қазақстан көшесінде трамвайлардың тізбектеліп тұрғаны туралы мәлімдеген едік. Оқиғаның мән-жайы анықталды.

«Алматылық» трамвайдың терезесі сынып, 17 жастағы жеткіншектің басына құлап түскен. Бас терісі жарақаттанған жолаушы дереу ауруханаға жеткізілді.  

– Бұл Алматы вагоны. Оның «форточкасы» көлденең орналасқан. Жолаушылардың бірі терезені ашпақ болып, жоғары көтерген болар. Осы кезде әйнек пазадан шығып, құлап түсуі мүмкін. Әзірге осындай болжам жасап отырмыз. Әйтпесе бұған дейін осындай жағдай Өскеменде де, Алматыда болған емес, – дейді қалалық көлік компаниясының жетекшісі Михаил Чайка.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жарақат алған жеткіншек дәрігерлердің қарауынан өтті. Денсаулыған төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив