KZ
Өскемен
-4°
туман жел 3 м/с, ОБ
517.66 606.49 6.44

Өскемендегі трамвайлардың жұмыс кестесі өзгереді

10.08.2019, 08:48 241

12-ші тамыздан бастап Өскемендегі трамвайлардың жұмыс кестесі өзгереді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігіндегілер мәлім етті.

Енді қала тұрғындары мен қонақтары түн ортасына дейін қыдыра алады. Өйткені нөмірі 3-ші трамвайдың жұмыс уақыты бір сағатқа ұзартылмақ. Осыған дейін трамвайдың соңғы вагоны 22:05-те еді, жаңа кесте бойынша трамвай вагоны 23:05-те жүретін болады.

Айтпақшы, дәл осы жұмыс кестесі тек жылы мезгілде ғана болуы мүмкін.

 – Жұмыс кестесі жаз маусымына арнайылап қойылды, күн суыта бастағанда бұл сұраққа қайтып ораламыз, - дейді қала әкімдігі мамандары.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу