KZ
Өскемен
-9°
ясно жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

"Ұйықтап кеткен жоқпын". Аударылып қалған автобус жүргізушісінің айтары бар

25.09.2019, 11:36 1 317

Алматы-Өскемен тасжолында аударылған автобус жүргізушісі рөлде ұйықтап кетпегенін айтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Жүргізушінің айтуынша, рөлдің сол жақ білігі жолдың шетіне қарай тартып кеткен, – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Еске салайық, бүгін таңғы сағат 06:20 кезінде Аягөз ауданы Айғыржал стансасына жақын маңда («Алматы-Өскемен» автожолының 812 шақырымында) жолаушылар автобусы аударылып қалған еді.

– Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық кодекстің 1-тарау 345-бабы бойынша тергеу амалы басталды. Қазір тексеру жүргізіліп, апаттың себебі анықталып жатыр, – деді департаменттің баспасөз қызметкері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу