KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Алакөлге келе жатқан жолаушы толы автобус аударылып қалды

15.07.2019, 09:36 190

Алматы-Өскемен тасжолымен келе жатқан, 47 жолаушысы бар автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жолдың 462-шақырымында ақсаған жолаушы толы автобус Алакөлді бетке алып келе жатқан екен.

– Автобуста 47 жолаушы болған. Соның ішінде үшеуіне медициналық көмек қажет болды. Анықтап айтсақ, екі ер адам және бір әйел адам Сарқан қаласының ауруханасына жеткізілді. Жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК 345–бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Автобус Алакөл жағасындағы Көктұма ауылында қалған көрінеді. Полцияның айтуынша, жолаушылар ары қарай сапарларын жалғастырып кеткен.

Осы тұста айту кету керек, Талдықорған–Өскемен автожолында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көліктертер айналма жолмен қатынайды. Мысалы, бұған дейін талдықорғандықтар Алакөлге 5 сағатта  жеткен болса, енді олар 11 сағат ішінде жолды басып өтеді. Ал алматылықтар 8 сағаттың орнына 15 сағат жүруге мәжбүр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу