KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

Бүгін таңертең ШҚО-да жолаушылар автобусы аударылып қалды

25.09.2019, 04:31 191

Бүгін таңғы сағат 06:20 кезінде Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы «Алматы-Өскемен» автожолының 812 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қазіргі мәлімет бойынша автобус жүргізушісі ұйықтап кеткенде автобус аударылған. Көлікте 25 жолаушы болды, көлік апатынан 2 адам зардап шекті», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінде.

Ведомствоның хабарлауынша, автобус техникалық тексеруден биыл 17 маусым күні өткен. Аталған жол учаскесінде «К-Дорстрой» АҚ тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Жол-көлік оқиғасы орын алған бұл учаскеде жол белгілері орналасу тәртібіне сәйкес орнатылған.

«К-Дорстрой» АҚ өкілдері мен Аягөз аудандық ішкі істер бөлімінің мамандары барды. Көлік апатына мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив