ШҚО-да ішімдікке бір жылда екі миллиард теңге жұмсайтын қала бар
Шығыс Қазақстанда кісі өліміне қатысты қылмыстың 82 пайызы ішімдіктің салдарынан болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өңірде жыл басынан бері 13 мың қылмыс тіркелген. Айтып өткеніміздей, басым бөлігіне ішімдіктің тікелей қатысы бар. Өкінішке орай аймақта алкогольдің арбауына түскен адамдар азаймай тұр.
Облыстық полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, ШҚО-дағы Алтай қаласының тұрғындары жыл сайын тек спирттік өнім алу үшін 2 миллиард теңге жұмсайды екен. Бұл қаланың әлеуметтік, мәдениет және спорт саласына бөлінетін қаржыдан 2 есе көп екенін атап өтті өңірдің бас полицейі.
Оқи отырыңыз