KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
485.04 525.98 5.04

Өскеменде жас аналарға арналған клуб ашылды

20.09.2019, 03:13 192

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жас аналар мен олардың бүлдіршіндеріне арналған клуб ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұнда жас аналар мен сәбилердің бос уақыттарын қызықты өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Арнайы бөлмесі мен қонақ бөлмесі жабдықталыпты.

Клубтың басты мақсаты – бала тәрбиесіне қатысты түрле сауалдар бойынша әңгімелесу және тәжірибе алмасу.

Сондай-ақ, мұнда жас отбасылардың бірге уақыт өткізіп, демалуына да мүмкіндік бар. Мысалы, отбасымен қолөнер шағырмашылығын үйренуге, спорттық жарыстарға, түрлі конкурстарға қатысуға болады.

Ортақ кездесулерге логопед, психолог, педиатр, косметолог және басқа да мамандар арнайы шақыртылады.

Алғашқы жиын 20 қыркүйек күні сағат 15.00-де өткізілмек. Кітапхананың мекен-жайы: Космическая көшесі, 6/2.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив