KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 2 м/с, СШ
504.49 587.73 6.57

Семейде автобустар 22:00-ге дейін жүретін болды

12.09.2019, 04:03 578

Семейде автобустар 22:00-ге дейін қатынайтын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі semeyainasy.kz сайтына сілтеме беріп.

– Қаланың шет жағындағы ағайын кешкі сағат жетіден кейін көлік таппай қаламыз деп шағымданды. Бұдан кейін мұндай жағдай болмайды. Енді автобустар, бір жолаушы қалса да, 22:00-ге дейін жүреді, – деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов.

– Десе де, бұл кез келген аялдамаға 22:00-де шығу керек деген сөз емес. Уақытты шамалап, 21:00-ден бастап тосқан жөн. Себебі автобус соңғы аялдамаға 22:00-де жетеді, – деп түсіндірді қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Нұржан Есенжолов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу