KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, Ю
527.58 546.15 5.29

«Балаларға жаның ашиды». Семейдегі «Өрлеу» бала бақшасына қатынайтын автобустар аялдамаға жетпей бұрылып кетеді екен

11.09.2019, 09:21 176

«Балаларға жаның ашиды». Семейдегі «Өрлеу» бала бақшасына қатынайтын автобустар аялдамаға жетпей  бұрылып кетеді екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын қала әкімі Ермак Сәлімов Ұшақтар ауданындағы мәселенің бір апта ішінде шешілетіні туралы мәлімдеген болатын. Шаһар басшысы арнайы аялдама да қойғызған. Алайда адам толы аялдамаға автобустар келмейді екен.

– Бұл мәселе қашан шешіледі? Әлі қанша уақыт шыдауымыз керек? Бізді қойшы, балаларға обал, – дейді қала тұрғыны Алдияр Ерболұлы.

Суреттерге назар аударатын болсақ, қолдағы бірнеше айлық сәбилерді де байқауға болады. Осы сұраққа қатысты біз Семей қаласының «Жолаушылар көлігі және Автомобиль жолдары» бөліміне хабарластық.

 – Иә аталған жағдайдың болғаны рас. Бала бақшаға қатынайтын автобустар жарты жолдан бұрылып жүр екен. Ертеңнен бастап аялдамаға бақылаушы маман жібереміз. Автобустардың келіп кетуін қадағалайтын болады. Бірнеше күн бойы «Инфобус» бағдарламасы істемегендіктен, автобустардың жұмысын бақылау мүмкін болмай тұр. Сондықтан ертең арнайы маманды жібермекпіз, – дейді Көлік секторына жауапты маман Теңізова Гүлнар.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу