KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

Қалааралық автобустар қашаннан бастап жүреді?

14.05.2020, 12:50 195

1 мамырдан бастап әуе қатынасы ашыла бастады. Енді, міне, 1 маусымнан бастап теміржол қатынастары ашылады. Ал қалааралық автобустар қашаннан бастап жүреді?

- Қалалар арасында қатынайтын автобустардың жүруіне рұқсат берілмеудің себебі, әуе көлігінде жолаушылардың денсаулығын қадағалайтын бортсеріктер болса, теміржол көлігіндегі вагондарда жолсеріктер бар. Сол себептен қалааралық автобустар әзірге жүрмейді. Елдегі эпидемиялық жағдай тұрақталса, автобус қатынастары да ашылады, - деді Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитарлық-карантиндік пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева брифингте.

Осылайша қалааралық автобустардың жүруі санитарлық-эпидемиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты болмақ.

- Біз өзіміз де қалааралық тасымалдың мүмкіндігінше тез реттелгенін қалаймыз. Өткен аптада облыстағы жедел штабқа қызметтік хат жібердік. Ондағы ұсынысымызды жуық арада қолдайды деген үміттеміз, - дейді ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив