KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

Марқакөл ауылдық округінде саябақ ашылды

31.08.2019, 16:40 512

Марқакөл ауылдық округінде «Мәңгілік ел» саябағы ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Конституция күнінің қарсаңында ашылған саябақ Теректі ауылында 3 айдың ішінде салынған. Саябақта балаларға және жастарға арналған ойын алаңдары сондай-ақ фонтан орнатылған.

– Бүгінгі шара конституция күнінде халыққа жасалған сый. Ауыл жұртшылығының сүйікт орнына айналады деген сенімдеміз,  – дейді Марқакөл ауылдық округінің әкімі Қуат Қизатов.

Саябақтың салтанатты ашылуы "Markakol Fest" концерттік бағдарламасымен жалғасты. Ауыл жұртшылығы үшін эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа мен "Ғибрат шоу" орталығы өнер көрсетті.

Фестиваль от-шашумен аяқталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу