Күршім ауданында тағы бір футбол алаңы ашылды
Күршім ауданында жастар үшін тағы бір жаңа футбол алаңы ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Боран ауылында салынған ойын алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі Дулат Қажанов пен ауыл әкімі Айдос Наурызбаев, қоғамдық ұйым өкілдері мен жастар қатысты.
Жаңа футбол алаңындағы алғашқы ойынға доп қосу құрметіне аудан әкімі Д.Қажанов ие болып, спорт сүйер қауым ойынды бастады.
Оқи отырыңыз