KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Семейде берешегі бар пәтер иелері жылусыз қалады

16.08.2019, 04:27 107

Семей «Жылукоммунэнерго» ұйымы берешегі 100 мыңнан асатын пәтер иелерінің жылусыз қалатынын ескертті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазірдің өзінде семейліктер аталмыш ұйымға 235 млн теңге қарыз. Тұрғындарға ескерту жасаудан шаршаған кәсіпорын сот шешімімен пәтерлерді жылудан ажыратуды бастап кетті.

– Бүгін Крестьянская, 43 мекен-жайында бір пәтер иесі жылусыз қалды. Қаңтар айынан бастап ақша төлемей келе жатқан тұрғынға бірнеше рет ескерту жасадық, тіпті, бөліп төлеуге де мүмкіндігі бар екендігін айттық. Бірақ нәтиже болмады. Сол үшін сот шешімімен жылу жүйесінен ажыратылды, – дейді «Жылукоммунэнерго» МКМ өткізу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айнұр Төлеубаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив