ШҚО-да көпбалалы отбасы облыс әкімінің қолынан пәтер кілтін алды
Үш жылдан бері үй кезегінде тұрған қалбатаулық көпбалалы отбасына облыс әкімі Даниал Ахметов пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Отағасы Қанатбек Жапаров «Нұр Отан» партиясының Шығыстағы филиалында аймақ басшысының қабылдауында болды. Аймақ басшысы көпбалалы әкеге пәтер кілтін табыстады.
Кездесу барысында Қанатбек Жапаров мүгедек баласына арба алуы да қажетін айтып қалды. Облыс әкімі бұл мәселені де жауапты мекеме шешіп беретінін айтты.
– Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Қазір облыста 250-ден астам көпбалалы отбасы баспанаға ие болды. Істі әрмен қарай жалғасытру үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, – деді Даниал Ахметов.