KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Семейде​ оқу жылына дайындық ойдағыдай

14.08.2019, 09:17 158

Семей қаласы ақпараттық орталығының мәлімдеуінше, қала мектептерінде жаңа оқу жылына қабылдау мақсатында арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына білім бөлімінің қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері және ата-аналар кіреді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Комиссия жаңа оқу маусымына дайындықты тексеру үшін мектептер мен балабақшаларды аралайды. Бүгінгі күні комиссия мүшелері білім беру мекемелерінің 70%-ын тексеріп, оның 50%-ын қабылдады.

​- Облыстық бюджеттен он мектепті әлеуметтік бейімдеуге және IT-сыныптармен​ ​ жабдықтауға қаражат бөлінді. Егер өткен жылы заманауи ІТ-сыныптар тек толық жиынтықты мектептерде пайда болса, жаңа оқу жылынан бастап осындай кабинеттер 14 шағын топтарда да пайда болады. Қазіргі уақытта қажетті жабдықтарды сатып алу жұмысы аяқталуда, - деді Семей қаласының білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.

Әлеуметтік бейімдеу нысандарына келер болсақ, жыл басында облыстық бюджеттен 10 білім беру мекемесіне 79 миллион теңге бөлінген. Атап айтқанда, №4, 11, 49, 38, 23, Экономикалық лицей және өзге де мектептерге. Бөлінген қаражатқа стационарлық пандустар, арнайы тұтқалар және өзге де белгілер орнатылатын болады.

Өткен жылдың желтоқсан айында оқу орындарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге 600 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Биыл күрделі жөндеу жұмыстары № 42 мектепте толық аяқталды. Мұнда спорт және акт залдары жөнделді. Қазіргі уақытта оларды жабдықтау жүріп жатыр. №38 мектепте де күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Өткен жылы № 34 мектептің жөндеу жұмыстарына да көп қаражат жұмсалған еді. №32 және 43 мектептерде кәріз жүйесі мен сантехника жөнделсе, № 28 мектеп ғимаратының сыртқы жағы қалпына келтірілді.

Наталия Фесенко барлық мектептердің жүз пайыз оқулықтармен қамтамасыз етілгендігін де сөзге тиек етті.

- Өздеріңіз білетіндей, соңғы үш жылда білім беру жүйесі жаңартылуда. Жаңартылған сыныптар үшін жаңа оқулықтар сатып алынады. Биыл 4,9,10-сыныптар осы жаңа бағдарламамен оқиды, - дейді Наталия Фесенко. - Осы жылы 7-11-ші сынып оқушылары «Өлкетану» пәнін оқи бастайды. Жаңа пән үшін жаңа оқулықтар да сатып алынады.

Айта кетсек, алғашқы қоңырау Семейдегі барлық мектептерде 1 қыркүйек күні​ соғылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу