ШҚО-да азық-түлік қымбаттады
Облыста азық-түліктің бірқатар түрлері қымбаттады, деп хабарлайды Алтайньсю тілшісі.
ШҚО статистика департаментінің ақпараты бойынша, шілде айында көкөністер мен басқа да азық-түліктің бағасы өсіпті.
Мысалы, маусым айымен салыстырғанда, көкөністердің бағасы айтарлықтай қымбаттаған: картоп – 3,8 %, сәбіз – 3,5 %, пияз – 2,4 %-ға.
Сондай-ақ, тары (6,1 %), жылқы (4,3 %) және қой (2,2 %) еті, кетчуп (2,9 %), темекі өнімдерінің (4,5 %) де бағасы өсті.
Алайда, керісінше, арзандаған азық-түліктер мен көкөністер де жоқ емес: сүт өнімдері, жұмыртқа, қант, жүзім, қияр, қызанақ, қызылша, сарымсақ, тәтті бұрыш.
Азық-түліктен бөлек, қала маңында қатынайтын пойыздар (2,8 %) мен әуе билеттері (7,9) де қымбаттапты.