KZ
Өскемен
+6°
туман жел 1 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Өскемендегі мектептердің бірінде кафе ашылады

1.08.2019, 04:28 100

Өскемендегі мектептердің бірінде оқушыларға арналған кафе ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Бұрын мектеп асханасын жалға алушылар бір жылдық келісімге ғана отыратындықтан асхана ішін жөндемейтін еді. Бірақ бұдан былай олар жөндеуге, құрал-жабдықтармен жабдықтауға міндеттеледі. Есесіне жеті жылдық келісімшарт жасасамыз, – деген еді қала әкімі Жақсылық Омар.

Қаладағы №37 орта мектептің асханасын жалға алушылар іске кірісіп кеткен екен.

– Асхана дизайнын өзгертіп, оқушылар кафесі етіп жасақтамақпыз. Қабырғалардың бірі түгелдей түрлі-түсті айна болады, екіншісі кірпішпен өріледі. Бұрынғы үстелдердің орынына дөңгелек үстел қоямыз. Оған бір топ бала айналып отыра алады. Теледидар да орнатамыз, – деді кәсіпкер Яна Родякина.

Айтуынша, келесі жылы мұнда карта арқылы төлеу жүйесі енгізіледі. Сонда ата-аналары баласының қалай тамақтанып жүргенін, қанша ақша жұмсағанын біле алады.

Асхана 15 тамызда толық дайын болады екен.

– Жыл соңына дейін бүкіл 50 мектепті жөндеу керек деп жоспарлағанбыз. Соның 35-і қыркүйекке дейін дайын болады. Ал қалған 15-ін ата-аналармен келісіп, демалыс кездерінде жөндетеміз, – деді Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив