KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

16 жастағы семейлік шахматшы Ресей Гран-приінің жеңімпазы атанды

30.07.2019, 05:02 207

16 жастағы семейлік шахматшы Ресейде өткен байрақты бәсекенің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Рапидтен (жылдам шахмат) ұйымдастырылған Ресей Гран-приінің кезеңінде біздің елдің намысын жалғыз шахматшы, жерлесіміз Арыстан Исанжолов қорғаған болатын. Қазақстан шахмат федерациясынан хабарлағандай, жарыс барысында семейлік талапты жас барлығы 11 кездесу өткізіп, онда 8,5 ұпай жинады.

– Турнир тартысқа толы болды, қарсыластарымның арасында осалы жоқ. Дегенмен шешуші ойындарда сәттілік жолдас болды. Соның арқасында 41-ші орыннан бірінші сатыға бірақ көтерілдім, – дейді Арыстанның өзі.

Осы ретте жарысқа 120-дан астам шахматшы қатысқанын айтқан орынды.

Тағы бір айта кетер жайт, турнир барысында жерлесіміз танымал гроссмейстер Алексей Придорожныйдан басым түсіп, тағы бір азулы қарсылас 37 жастағы Дмитрий Кокаревпен тең тарқасты.

– Арыстан болашағынан зор үміт күттіретін жастардың бірі екені бұрыннан белгілі еді. Алайда, оның бұл жеңісін нағыз сенсацияға балауға болады, – дейді ел құрамасының (балалар мен жасөспірімдер) бас бапкері Әнуар Есмағамбетов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу