KZ
Өскемен
+2°
плотный туман Штиль
521.53 601.01 6.43

ШҚО-да тұрғынның 5 миллион теңгесін алып кеткен алаяқ ұсталды

25.07.2019, 04:29 356

Өскеменде пәтер сатып алмақша болған тұрғынның 5 миллион теңгесін алдап алып кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

23 шілде күні аталмыш факті бойынша қаладағы Үлбі полиция бөлімшесіне 52 жастағы тұрғын арзыданған.

– 2018 жылдың сәуір айының соңында бейтаныс әйел оған пәтер алуға көмектесемін деп, 5 200 000 теңгесін алдап алып кеткен. Күдікті ретінде бұрын бірнеше рет сотты болған 1971 жылғы азаматша ұсталды, – деп мәлімдеді Өскемен полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу