KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 6 м/с, ОШ
514.94 583.74 6.13

ШҚО-да 81 жастағы кейуана жоғалып кетті

19.07.2019, 04:30 264

Көкпекті ауданында 81 жастағы кейуана із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Lider.kz еріктілер тобының айтуынша, Көкпекті ауданы, Үлкен Бөкен ауылының тұрғыны  Күлсағия Сұлтанғалиева 20 маусым күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Ерекше белгілері: бойы 165-175 сантиметр, шашын ақ шалған, көзі қоңыр, қыр мұрынды. Иегінде меңдері бар. Үйден шыққанда үстінде ақ халат, қара тәпішке болған.

Зейнеткер жайлы қандай да бір ақпарат білсеңіз, 102 каналына немесе 8-747-349-57-17 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу