KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Kaspi Bank бұрыңғы қызметкері туралы ақпарат үшін 10 миллион теңге береді

13.07.2019, 04:57 277

Kaspi Bank бұрыңғы қызметкері Руслан Сексембаевтың қазіргі мекен-жайы жайлы ақпарат берген адамға 10 миллион теңге көлемінде сыйақы төлемек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Руслан Сексембаев Павлодарда банк клиенттерін алдап соққан екен. Ол жылжымайтын мүлік сатып алуда көмек беремін деп, өзінің шотына ақша аудартып алады да із-түссіз жоғалып кеткен. Қазір полиция тергеу-іздеу шараларын жүргізуде. Kaspi өз клиенттерінің мүддесін қорғау мақсатында алаяқ қызметкері туралы ақпарат үшін 10 миллион теңге беруге уәде етіп отыр.

Руслан Сексембаев туралы ақпаратыңыз болса +7 (705) 211 16 93 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу